Сайлау-2026 · барлық деңгейдегі мәслихаттар

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер

Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы, дауыс беру күні — 2026 жылғы 29 қараша (ҚР ОСК-ның 13.10.2026 № 60/98 қаулысы). Мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес жарияланады. Жарияланды: 2026 жылғы 27 қазан

Бағалар

Бағалар барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін бірдей. Теңгемен көрсетілген, ҚҚС 16 % қоса.

ҚызметНе кіредіБірлікБағасы, ₸
Үгіт материалын жариялау (сайлау алдындағы бағдарлама, мақала, үндеу)мәтін 5 000 таңбаға дейін, кандидаттың 3 фотосуретіне дейін, беттеу, тұрақты сілтеме, қалауы бойынша екінші тілдегі нұсқасы1 жарияланым55 000
Кандидатпен сұхбатсұрақтарды редакция дайындайды, жауаптарды кандидат бекітеді; 8 000 таңбаға дейін, 3 фотосуретке дейін1 материал95 000
Басты бетте кандидат материалына сілтемесі бар баннербасты бетте ротациямен барлық құрылғыларда көрсету1 күн15 000
Материалды басты беттегі лентада бірінші орынға бекітужаңалықтар лентасының бірінші позициясы1 күн20 000

Кандидаттың тезистері бойынша мәтін дайындауға көмек жарияланым құнына кіреді. Материалдар «Сайлау-2026» бөлімінде орналастырылады және сайлаудан кейін де тұрақты сілтеме бойынша қолжетімді болады.

Кандидаттарға бөлінетін қаражатқа арналған пакеттер

Пакеттің мөлшері мемлекеттің бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидатқа БАҚ-та сөз сөйлеуге және екі мақала жариялауға бөлетін сомасына тең. Кандидат бір шартпен осы соманың барлығын басылымға жібере алады (ОСК-ның № 12/202 қағидалары, 4–5-тармақтар).

ПакетКімгеҚұрамыСомасы, ₸
«Аудан»аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар
ОСК-ның 26.10.2026 № 66/115 қаулысы
сайлау алдындағы бағдарлама — 55 000
мақала немесе үндеу — 55 000
басты бетте баннер 12 күн — 180 000
немесе: екі жарияланым 110 000 + баннер 8 күн 120 000 + бекіту 3 күн 60 000
290 000
«Қала»облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттар
ОСК-ның 26.10.2026 № 66/116 қаулысы
сайлау алдындағы бағдарлама — 55 000
мақала немесе үндеу — 55 000
сұхбат — 95 000
басты бетте баннер 13 күн — 195 000
немесе: екі жарияланым 110 000 + сұхбат 95 000 + баннер 9 күн 135 000 + бекіту 3 күн 60 000
400 000
«Облыс»облыстық мәслихаттар, астана мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттар
ОСК-ның 26.10.2026 № 66/117 қаулысы
сайлау алдындағы бағдарлама — 55 000
мақала немесе үндеу — 55 000
сұхбат — 95 000
басты бетте баннер 11 күн — 165 000
басты бетте бекіту 2 күн — 40 000
немесе: екі жарияланым 110 000 + сұхбат 95 000 + баннер 7 күн 105 000 + бекіту 5 күн 100 000
410 000

Пакеттен тыс кез келген позициялар — сол бағамен кандидаттың сайлау қоры есебінен.

Орналастыру шарттары

  1. Кезең. Материалдар 2026 жылғы 1 қарашадағы 18:00-ден 28 қарашадағы 00:00-ге дейін орналастырылады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 27-бабы 2-тармағы, ОСК-ның күнтізбелік жоспары). 28 және 29 қарашада жаңа орналастыру жүргізілмейді, баннерлер мен бекітулер басты беттен алынады; бұрын жарияланған материалдар сақталады (32-баптың 2-тармағы).
  2. Тең жағдайлар. Бағалар мен шарт талаптары барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін бірдей (28-баптың 2 және 3-тармақтары). Бір кандидатқа орналастыруға берілген келісім барлық кандидаттарға орналастыруға келісім беру болып табылады (28-баптың 3-тармағы).
  3. Кезектілік. Өтінімдер басылымның электрондық поштасында немесе сайттағы формада тіркелген күні мен уақыты бойынша жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен орындалады; бір мезгілде түскен жағдайда — жеребе бойынша.
  4. Белгі. Әр материалда белгі қойылады: «Сайлау алдындағы үгіт материалы. Тапсырыс жасаған тұлға: ____ мәслихаты депутаттығына кандидат Т. А. Ә. Ақысы кандидатқа бөлінген республикалық бюджет қаражатынан төленді» не «кандидаттың сайлау қорының қаражатынан төленді». Материалды шығарған ұйым: «Goszakup Consult» ЖШС (28-баптың 5-тармағы).
  5. Мәтін. Материалды кандидат немесе оның сенім білдірген адамы жазбаша түрде (файл және қол қойылған дана) ұсынады, ол сөзбе-сөз, түзетусіз және редакциялық түсініктемесіз жарияланады (28-баптың 3-тармағы). Кандидаттың қалауы бойынша редакция оның тезистері негізінде мәтін дайындайды; түпкілікті мәтінді кандидат бекітеді.
  6. Келісім. Кандидаттың қызметті алуға жазбаша келісімі шартта тіркеледі (28-баптың 7-тармағы).
  7. Орналастырудан бас тарту. Басылым мазмұны 29-баптың 1-тармағына қайшы келетін (конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды, қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, алауыздықты қоздыруды насихаттау және т. б.), басқа кандидаттардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін (27-баптың 7-тармағы), басқа адамдардың бейнесін олардың жазбаша рұқсатынсыз пайдаланатын (27-баптың 10-тармағы) материалдарды, сондай-ақ сауалнамалар мен болжамдарды (28-баптың 9-тармағы) орналастырмайды. Материалдың мазмұны мен дұрыстығы үшін кандидат жауап береді (27-баптың 8-тармағы).
  8. Мерзімдер. Материал жарияланымнан кемінде бір жұмыс күні бұрын қабылданады; жарияланым — комиссия төлемді растағаннан немесе алдын ала төлем түскеннен кейін 24 сағат ішінде; баннерді ауыстыру — жұмыс күні ішінде. Сілтемелері мен бет суреттері бар көрсетілген қызметтер актісі — жарияланған күні.
  9. Бюджеттен төлеу. Кандидат басылыммен бағасы көрсетілген шарт жасасып, оны аумақтық сайлау комиссиясына ұсынады; төлемді комиссия кандидат басылымның шотын ұсынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның шоты арқылы жүргізеді (ОСК-ның 25.08.2018 № 12/202 қаулысымен бекітілген қағидалар, 30.06.2026 редакциясы, 2–4-тармақтар). Кандидат БАҚ-та сөз сөйлеуге және екі мақала жариялауға бөлінген соманың барлығын немесе бір бөлігін басылымға жібере алады.
  10. Сайлау қорынан төлеу. Шартқа қол қойылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кандидаттың арнайы уақытша шотынан алдын ала төлем; барлық есеп айырысулар 2026 жылғы 28 қарашадағы 18:00-ге дейін аяқталады (34-баптың 8-тармағы).
  11. Теріске шығару. Өзіне қатысты мәліметтер жарияланған кандидат сол көлемде теріске шығаруды тегін жариялауға құқылы (27-баптың 7-тармағы). Жолданым — басылымның электрондық поштасына.
  12. Бағалар. Теңгемен көрсетілген, ҚҚС 16 % қоса алғанда (орындаушы ҚҚС төлеушісі болып табылады). Пакет сомалары ОСК белгілеген лимиттерге тең және ҚҚС-пен көрсетілген. Осы мәліметтер 2026 жылғы 27 қазанда осы бетте жарияланды; сол күні мәліметтер аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылды.

Өтінімді қалай беру керек

Сайттағы өтінімді толтырыңыз (деректер, қызметтер, мәтін мен фото) немесе мына поштаға жазыңыз: goszakup.consult@gmail.com (округті, мәслихат деңгейін, таңдалған қызметтер мен күндерді көрсетіп). Редакция телефондары: +7 706 406 79 77, +7 747 540 81 14, күн сайын 9:00-ден 21:00-ге дейін. Жауап ретінде жұмыс күні ішінде шарт, шот және орналастыру кестесін жібереміз.

Баспагер«Goszakup Consult» ЖШС, БСН 200940022916; заңды мекенжайы: г. Астана, район Есиль, проспект Ұлы Дала, дом 61, н.п. 1, Z05P9A0
Редакция мекенжайыг. Астана, просп. Мәңгілік Ел, 8, блок 16В, Национальный пресс-клуб, каб. 46
БАҚ есебіИнтернет-басылымды есепке қою туралы куәлік № KZ45VPY00033363, 12.03.2021
БанкАО «Банк ЦентрКредит», БИК KCJBKZKX, ИИК KZ468562203109475287, КБе 17
Басшыдиректор Тұрарбекұлы Уәлихан
Телефондар+7 706 406 79 77, +7 747 540 81 14